Өңірлер

Павлодарда 14 жастағы бала суға батып кетті

Ер бала шомылуға болмайтын жерде суға түскен
Sputnik
ПАВЛОДАР, 25 маусым – Sputnik. Павлодарда жасөспірім Ертіс өзенінде суға батып өлді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Сағат 17.57-де 112 нөміріне Ертіс өзенінде ескі теміржол көпірі маңында шомылып жүрген 14 жастағы бала суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салған жерде болған", - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жасөспірімді судан алып шыққан, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.
Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті