https://sputnik.kz/20220623/almaty-oblysy-tau-ozeni-25711563.html
Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті
Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысында ерлі-зайыпты тау өзенін атпен кешіп өтпек болған, бірақ қатты ағысқа төтеп бере алмаған. Ер адам судан шықты... 23.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-23T08:59+0500
2022-06-23T08:59+0500
2022-06-23T08:59+0500
алматы облысы
өзен
https://sputnik.kz/img/old/886/26/8862681_0:315:2012:1447_1920x0_80_0_0_bf1619b3a1bbc2f2aff7509fb2491d2d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысында ерлі-зайыпты тау өзенін атпен кешіп өтпек болған, бірақ қатты ағысқа төтеп бере алмаған. Ер адам судан шықты, әйелі батып кетті.Қайғылы оқиға 18 маусым күні Райымбек ауданында болған. Текес өзенін атпен кешіп өтеміз деген екі адамды қатты ағыс алып кетті. Ер адам атымен бірге судан шықты. Бірақ әйелін құтқара алмады."47 жастағы әйел көз жұмды. Денесі өзеннің төменгі жағында ағашқа ілініп қалған. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Полицейлер тексерісті бастады", - дейді Райымбек ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қадыржан Сабырақан.Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, ерлі-зайыпты таулы жерде мал шаруашылығымен айналысқан.Алматы облысында жыл басынан бері 10 адам суға батып кетті.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/886/26/8862681_0:265:2012:1774_1920x0_80_0_0_f5225a3fde86295b26023316f960eaac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, өзен
Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысында ерлі-зайыпты тау өзенін атпен кешіп өтпек болған, бірақ қатты ағысқа төтеп бере алмаған. Ер адам судан шықты, әйелі батып кетті.
Қайғылы оқиға 18 маусым күні Райымбек ауданында болған. Текес өзенін атпен кешіп өтеміз деген екі адамды қатты ағыс алып кетті. Ер адам атымен бірге судан шықты. Бірақ әйелін құтқара алмады.
"47 жастағы әйел көз жұмды. Денесі өзеннің төменгі жағында ағашқа ілініп қалған. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Полицейлер тексерісті бастады", - дейді Райымбек ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қадыржан Сабырақан.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, ерлі-зайыпты таулы жерде мал шаруашылығымен айналысқан.
Алматы облысында жыл басынан бері 10 адам суға батып кетті.