Өңірлер

Павлодарда 14 жастағы бала суға батып кетті

© Photo : СС0 / Steve BuissinneМальчик купается в бассейне
Мальчик купается в бассейне - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Ер бала шомылуға болмайтын жерде суға түскен
ПАВЛОДАР, 25 маусым – Sputnik. Павлодарда жасөспірім Ертіс өзенінде суға батып өлді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Сағат 17.57-де 112 нөміріне Ертіс өзенінде ескі теміржол көпірі маңында шомылып жүрген 14 жастағы бала суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салған жерде болған", - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жасөспірімді судан алып шыққан, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.
Тау өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті
Жаңалықтар
0