Батыс Қазақстанда өзендерден тырысқақ қоздырғышы табылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдерден тырысқақ ауруының қоздырғышы табылды.
Санитар дәрігерлер өңірдегі суқоймалардан 73 сынама алып, 14 үлгіден осы дерттің белгілерін анықтаған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Мамандардың айтуынша, тырысқақтың 150-дей түрі бар. Бұл - өте жұқпалы індет. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі: бұл кеселден дені сау адамның өзі бірнеше сағатта өліп кетуі мүмкін. Осыған алаңдаған дәрігерлер өзен-көлде шомылған кезде балалармен қатар, ересектер де барынша сақ болуы керек деп дабыл қағуда. Қауіпті дерттің алдын алу үшін облыста күн сайын мониторинг жүргізіліп жатыр.
"Суды қайнатып ішу керек, шомылған кезде суды ішіп қоймаңыз. Бұл ауру таралу көзі ластанған судан пайда болады. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау қажет", - дейді
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Қоғам
Құбыр суында тырысқақ қоздырғышы бар деген жалған ақпарат тарап жатыр