Қоғам

Құбыр суында тырысқақ қоздырғышы бар деген жалған ақпарат тарап жатыр

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуВода
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
Аурудың сырттан әкелінген соңғы жағдайы 2019 жылы тіркелген
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде құбырдағы суда тырысқақ қоздырғышы бар деген ақпарат таратып жатыр. Stopfake.kz сайты мұны жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желіде таратып жатқан құбыр суында тырысқақ таяқшасы бар деген ақпарат жалған. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, соңғы он жылда жергілікті жерде тырысқақ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген", - делінген ақпаратта.
Ал аурудың сырттан әкелінген соңғы жағдайы 2019 жылы тіркелген. Ол кезде тырысқақ қоздырғышын Үндістаннан келген төрт қазақстандық жұқтырған. Содан бері елімізде тырысқақпен ешкім ауырмаған.
Сондай-ақ, ведомство судың сапасы тұрақты түрде бақылауда екенін атап өтті. Тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маңызы бар жерлерде жылына алты мыңға дейін сынама алынады.
Саусақ іздері - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Білім
"Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін саусақ іздері қажет": жалған ақпарат тарап жатыр
Жаңалықтар
0