https://sputnik.kz/20220526/balalardy-1-synypqa-qabyldau-25089505.html
"Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін саусақ іздері қажет": жалған ақпарат тарап жатыр
"Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін саусақ іздері қажет": жалған ақпарат тарап жатыр
Sputnik Қазақстан
Білім министрлігінің хабарлауынша, балаларды мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау үшін мұндай мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T11:44+0500
2022-05-26T11:44+0500
2022-05-26T11:48+0500
білім
мектеп
1-сынып
https://sputnik.kz/img/07e4/07/12/14509512_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_11832865ca61a3f6c5ec13a4ecf0fe69.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстандық Telegram-арналарда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін саусақ іздері мен интимдік өмірі туралы анықтама талап етіледі деген ақпарат тарады.Білім министрлігінің хабарлауынша, балаларды мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау үшін мұндай мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Stopfake.kz.Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа беру үшін ата-ана "Электрондық үкімет" порталы арқылы немесе қағаз тасымалдағышта 1 сәуірден 1 тамызға дейін мынадай құжаттарды ұсынады:Желіде тараған хабарламада мектепке бару үшін қажет ақпарат тізбесінде міндетті әлеуметтік сақтандыру полисінің реквизиттері, дербес есепшоттың сақтандыру нөмірі сынды тармақтар көрсетілген. Ал қазақстандықтарда мұндай құжат атымен жоқ."Демек, қазақстандық чаттарда таратылған ақпараттың біздің елге қатысы жоқ", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/12/14509512_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_4ed60e32554cab68ca5a14effa9112d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, 1-сынып
"Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін саусақ іздері қажет": жалған ақпарат тарап жатыр
11:44 26.05.2022 (жаңартылды: 11:48 26.05.2022) Білім министрлігінің хабарлауынша, балаларды мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау үшін мұндай мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстандық Telegram-арналарда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін саусақ іздері мен интимдік өмірі туралы анықтама талап етіледі деген ақпарат тарады.
Білім министрлігінің хабарлауынша, балаларды мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау үшін мұндай мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ, деп хабарлайды
Stopfake.kz.
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа беру үшін ата-ана "Электрондық үкімет" порталы арқылы немесе қағаз тасымалдағышта 1 сәуірден 1 тамызға дейін мынадай құжаттарды ұсынады:
ата-аналардың мектепке қабылдау туралы өтініші;
баланың туу туралы куәлігі;
денсаулық жағдайы туралы анықтама, №063у нысан;
баланың денсаулық паспорты 026 / у-3;
баланың фотосуреті 3х4 см (2 дана), – деп хабарлады ведомстводан.
Желіде тараған хабарламада мектепке бару үшін қажет ақпарат тізбесінде міндетті әлеуметтік сақтандыру полисінің реквизиттері, дербес есепшоттың сақтандыру нөмірі сынды тармақтар көрсетілген. Ал қазақстандықтарда мұндай құжат атымен жоқ.
"Демек, қазақстандық чаттарда таратылған ақпараттың біздің елге қатысы жоқ", - делінген хабарламада.