https://sputnik.kz/20220624/batys-qazaqstan-ozen-tyrysqaq-25733861.html
Батыс Қазақстанда өзендерден тырысқақ қоздырғышы табылды
Батыс Қазақстанда өзендерден тырысқақ қоздырғышы табылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдерден тырысқақ ауруының қоздырғышы табылды. 24.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-24T07:59+0500
2022-06-24T07:59+0500
2022-06-24T07:59+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820582_0:126:3073:1854_1920x0_80_0_0_8902b2e6f17e11913713e594085f1d58.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдерден тырысқақ ауруының қоздырғышы табылды.Санитар дәрігерлер өңірдегі суқоймалардан 73 сынама алып, 14 үлгіден осы дерттің белгілерін анықтаған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Мамандардың айтуынша, тырысқақтың 150-дей түрі бар. Бұл - өте жұқпалы індет. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі: бұл кеселден дені сау адамның өзі бірнеше сағатта өліп кетуі мүмкін. Осыған алаңдаған дәрігерлер өзен-көлде шомылған кезде балалармен қатар, ересектер де барынша сақ болуы керек деп дабыл қағуда. Қауіпті дерттің алдын алу үшін облыста күн сайын мониторинг жүргізіліп жатыр."Суды қайнатып ішу керек, шомылған кезде суды ішіп қоймаңыз. Бұл ауру таралу көзі ластанған судан пайда болады. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау қажет", - дейдіБҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
https://sputnik.kz/20220608/qubyr-suynda-tyrysqaq-qozdyrgyshy-25389054.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820582_165:0:2896:2048_1920x0_80_0_0_b497ed43bf7b752b5850cfc35269514c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда өзендерден тырысқақ қоздырғышы табылды
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдерден тырысқақ ауруының қоздырғышы табылды.
Санитар дәрігерлер өңірдегі суқоймалардан 73 сынама алып, 14 үлгіден осы дерттің белгілерін анықтаған, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Мамандардың айтуынша, тырысқақтың 150-дей түрі бар. Бұл - өте жұқпалы індет. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі: бұл кеселден дені сау адамның өзі бірнеше сағатта өліп кетуі мүмкін. Осыған алаңдаған дәрігерлер өзен-көлде шомылған кезде балалармен қатар, ересектер де барынша сақ болуы керек деп дабыл қағуда. Қауіпті дерттің алдын алу үшін облыста күн сайын мониторинг жүргізіліп жатыр.
"Суды қайнатып ішу керек, шомылған кезде суды ішіп қоймаңыз. Бұл ауру таралу көзі ластанған судан пайда болады. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау қажет", - дейді
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.