Қоғам

1 қазаннан бастап полицияның жедел-тергеу қызметінің жалақысы өседі

Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 815 қызметкер қаза тауып, 4,5 мыңнан астам адам жарақат алды
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 маусым — Sputnik. 1 қазаннан бастап полиция жедел-тергеу қызметі мамандарының еңбекақысы өседі Бұл туралы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты шарада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты
Президент полицейлердің жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін мамандық екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрқашан күш құрылымдарының қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде полиция қызметкерлерін ақшалай қолдау бірнеше рет артқан. Тұрғын үйді жалға алу шығынын өтеу енгізілді.
"Сондай-ақ, әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30% үстемеақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмам бойынша биыл 1 қазаннан бастап жедел-тергеу қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайтылады. Біз полицейлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауды жалғастырамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент құқық қорғау органдарында жұмыс істеу жастар үшін тартымды болуы, қоғамда мойындалу мен құрметке ие болуы қаншалықты маңызды екеніне назар аударды. Оның пікірінше, ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін қолдап, марапаттау қажет.
Қоғам
Тоқаев: жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді