https://sputnik.kz/20220623/qazan-politsiya-zhedel-tergeu-zhalaqy-25723649.html
1 қазаннан бастап полицияның жедел-тергеу қызметінің жалақысы өседі
1 қазаннан бастап полицияның жедел-тергеу қызметінің жалақысы өседі
Sputnik Қазақстан
Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 815 қызметкер қаза тауып, 4,5 мыңнан астам адам жарақат алды 23.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-23T15:37+0500
2022-06-23T15:37+0500
2023-08-10T16:58+0500
қоғам
полиция
жалақы
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703956_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_9537e8ed68ff0c2cb7f6200e3e45a49a.jpg
АЛМАТЫ, 23 маусым — Sputnik. 1 қазаннан бастап полиция жедел-тергеу қызметі мамандарының еңбекақысы өседі Бұл туралы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты шарада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.Президент полицейлердің жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін мамандық екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрқашан күш құрылымдарының қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде полиция қызметкерлерін ақшалай қолдау бірнеше рет артқан. Тұрғын үйді жалға алу шығынын өтеу енгізілді."Сондай-ақ, әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30% үстемеақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмам бойынша биыл 1 қазаннан бастап жедел-тергеу қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайтылады. Біз полицейлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауды жалғастырамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент құқық қорғау органдарында жұмыс істеу жастар үшін тартымды болуы, қоғамда мойындалу мен құрметке ие болуы қаншалықты маңызды екеніне назар аударды. Оның пікірінше, ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін қолдап, марапаттау қажет.
https://sputnik.kz/20220623/toqaev-zhat-ideologiyalar-qogam-qater-25723030.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703956_302:0:2553:1688_1920x0_80_0_0_73af8b514304f1bb177c9102a3cd2d66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, жалақы, тергеу
1 қазаннан бастап полицияның жедел-тергеу қызметінің жалақысы өседі
15:37 23.06.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 815 қызметкер қаза тауып, 4,5 мыңнан астам адам жарақат алды
АЛМАТЫ, 23 маусым — Sputnik. 1 қазаннан бастап полиция жедел-тергеу қызметі мамандарының еңбекақысы өседі Бұл туралы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты шарада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Президент полицейлердің жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін мамандық екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрқашан күш құрылымдарының қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде полиция қызметкерлерін ақшалай қолдау бірнеше рет артқан. Тұрғын үйді жалға алу шығынын өтеу енгізілді.
"Сондай-ақ, әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30% үстемеақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмам бойынша биыл 1 қазаннан бастап жедел-тергеу қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайтылады. Біз полицейлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауды жалғастырамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент құқық қорғау органдарында жұмыс істеу жастар үшін тартымды болуы, қоғамда мойындалу мен құрметке ие болуы қаншалықты маңызды екеніне назар аударды. Оның пікірінше, ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін қолдап, марапаттау қажет.