Қоғам

Тоқаев: жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді

© Sputnik / Абзал КалиевАстаналықтар
Астаналықтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Жазылу
Әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдар өте көп, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында саяси пікірталасты жамылып, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет ететіндер туралы айтты.
Мемлекет басшысы қазір белсенділер саяси партиялар мен қозғалыстар құру ниеті туралы мәлімдеп, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша түрлі пікір мен көзқарас білдіріп отырғанын атап өтті.
Бұл көбінесе азаматтық қоғамның жетілгенін көрсететін табиғи процесс. Дегенмен, азаматтық белсенділердің барлық іс-әрекеті, соның ішінде наразылық акциялары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуі өте маңызды, деп атап өтті мемлекет басшысы.
"Заңды бұзуға, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға, соның ішінде полицейлердің адамдық қадір-қасиетіне, олардың кәсіби ар-намысына қарсы әрекет жасауға құқылымыз деп санайтындар бзаңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстанның ұлттық мүдделеріне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушыларды анықтау керек", - деді президент.
"Ел ішіне іріткі салатын жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдар өте көп. Олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек. Қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал", - деді Тоқаев.
Былтыр елімізде қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілген болатын. Бұл қадам азаматтардың конституциялық құқығын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
"Істерді тергеу сапасын арттырады. Сондай-ақ, заң нормалары дұрыс қолданылатын болады. Бірақ, Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру үшін қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру қажет. Сот төрелігі ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. Әділетсіздік жайлаған мемлекет құрдымға кететінін жақсы білесіздер. Бәріне бірдей, әділ әрі түсінікті заңнамасы бар ел ғана мықты болады. Біз барлық азаматқа тең мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек", - деді президент.
Президент ел үшін стратегиялық міндетті атады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Президент ел үшін стратегиялық міндетті атады
Жаңалықтар
0