Ақтөбе облысында көлік өзенге аударылып, жүргізуші көз жұмды

Көліктің ішіне су толып, жүргізуші шыға алмай қалған
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданында апат салдарынан көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
"6 маусымда "ЗАЗ-Шанс" автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Қурайлы кентінің тұрғыны Алға ауданының далалы жолымен жүріп келе жатқан. Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Қарахобда өзеніне аударылып кеткен", - делінген хабарламада.
Көліктің ішіне су толып, жүргізуші шыға алмай қалған.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиға
Павлодар облысында жолдың жиегіне тоқтаған көліктер апатқа ұшырады