Ақтөбе облысында көлік өзенге аударылып, жүргізуші көз жұмды

Өзен - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Жазылу
Көліктің ішіне су толып, жүргізуші шыға алмай қалған
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданында апат салдарынан көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
"6 маусымда "ЗАЗ-Шанс" автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Қурайлы кентінің тұрғыны Алға ауданының далалы жолымен жүріп келе жатқан. Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Қарахобда өзеніне аударылып кеткен", - делінген хабарламада.
Көліктің ішіне су толып, жүргізуші шыға алмай қалған.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Полицейские мигалки на автомобиле  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2022
Оқиға
Павлодар облысында жолдың жиегіне тоқтаған көліктер апатқа ұшырады
Жаңалықтар
0