Оқиға

Павлодар облысында жолдың жиегіне тоқтаған көліктер апатқа ұшырады

© Photo : Pixabay / diegoparraПолицейские мигалки на автомобиле
Полицейские мигалки на автомобиле  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2022
Жазылу
20 мамырда түнгі сағат 03:00-де "Қызылорда - Павлодар" тас жолында ірі жол апаты болды
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Павлодар облысында болған жол апатында бір адам қаза тапты. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 мамырда түнгі сағат 03:00-де "Қызылорда - Павлодар" тас жолында ірі жол апаты болды.
Шідерті ауылына жақын жанар-жағармай құю станциясының қарсы бетіне екі көлік тоқтаған. Алдында – Hyundai Accent, артында Mazda.
"Toyota Camry көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жолдың жиегінде тұрған Mazda-ның соққан. Ол көлік алдындағы Hyundai Accent-ке барып соғылды. Жол апатында Mazda-ның 27 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Ал Mazda мен Hyundai-ның жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Барық көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Жаңалықтар
0