Референдум - 2022: 130 мыңнан астам әскери қызметші дауыс берді

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жеріндегі учаскелерінде дауыс берді, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының курсанттарына әскери бөлімдер мен мекемелердің аумағында дауыс беру мүмкіндігі берілді. Осы мақсатта әскери бөлімдер мен госпитальдардағы учаскелер арнайы жабдықталды.
"Республикалық референдум – халықтың өз еркін білдіруінің ең демократиялық тәсілі. Оның еліміз үшін тарихи маңызын айтып жеткізе алмаймын. Биыл 18 жасқа толдым. Мен әскерде алғаш рет дауыс беруге қатысып тұрмын. Әрбір дауыс Қазақстандағы тұрақтылыққа ықпал ететініне сенімдімін. Сондықтан референдумға қатысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін ", – деді Жамбыл облысынан десанттық-шабуыл құрамасына шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Ерсұлтан Досбол.
Айта кетерлігі, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда барлығы 130 мыңнан астам әскери қызметші, қарулы күштердің азаматтық персоналы мен олардың отбасы мүшелері дауыс берді.
106 жастағы кейуана туған күнінде сайлау учаскесіне келді