https://sputnik.kz/20220605/referendum---2022-130-mynnan-astam-askeri-qyzmetshi-dauys-berdi-25322166.html
Референдум - 2022: 130 мыңнан астам әскери қызметші дауыс берді
Референдум - 2022: 130 мыңнан астам әскери қызметші дауыс берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жеріндегі учаскелерінде дауыс берді, деп хабарлады қорғаныс... 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T17:16+0500
2022-06-05T17:16+0500
2022-06-05T17:16+0500
референдум
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25322044_0:26:1080:634_1920x0_80_0_0_8bd9e6bec155abb08283949826018da9.jpg
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жеріндегі учаскелерінде дауыс берді, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының курсанттарына әскери бөлімдер мен мекемелердің аумағында дауыс беру мүмкіндігі берілді. Осы мақсатта әскери бөлімдер мен госпитальдардағы учаскелер арнайы жабдықталды."Республикалық референдум – халықтың өз еркін білдіруінің ең демократиялық тәсілі. Оның еліміз үшін тарихи маңызын айтып жеткізе алмаймын. Биыл 18 жасқа толдым. Мен әскерде алғаш рет дауыс беруге қатысып тұрмын. Әрбір дауыс Қазақстандағы тұрақтылыққа ықпал ететініне сенімдімін. Сондықтан референдумға қатысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін ", – деді Жамбыл облысынан десанттық-шабуыл құрамасына шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Ерсұлтан Досбол.Айта кетерлігі, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда барлығы 130 мыңнан астам әскери қызметші, қарулы күштердің азаматтық персоналы мен олардың отбасы мүшелері дауыс берді.
https://sputnik.kz/20220605/keyuana-tugan-kun-saylau-uchaskesi-25318745.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25322044_71:0:1031:720_1920x0_80_0_0_95c74ea2c6d5e4b5369aa7294538c9fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум
Референдум - 2022: 130 мыңнан астам әскери қызметші дауыс берді
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жеріндегі учаскелерінде дауыс берді, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының курсанттарына әскери бөлімдер мен мекемелердің аумағында дауыс беру мүмкіндігі берілді. Осы мақсатта әскери бөлімдер мен госпитальдардағы учаскелер арнайы жабдықталды.
"Республикалық референдум – халықтың өз еркін білдіруінің ең демократиялық тәсілі. Оның еліміз үшін тарихи маңызын айтып жеткізе алмаймын. Биыл 18 жасқа толдым. Мен әскерде алғаш рет дауыс беруге қатысып тұрмын. Әрбір дауыс Қазақстандағы тұрақтылыққа ықпал ететініне сенімдімін. Сондықтан референдумға қатысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін ", – деді Жамбыл облысынан десанттық-шабуыл құрамасына шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Ерсұлтан Досбол.
Айта кетерлігі, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда барлығы 130 мыңнан астам әскери қызметші, қарулы күштердің азаматтық персоналы мен олардың отбасы мүшелері дауыс берді.