106 жастағы кейуана туған күнінде сайлау учаскесіне келді

© Photo : ИА Pavlodarnews.kz106 жастағы кейуана туған күнінде сайлау учаскесіне келді
106 жастағы кейуана туған күнінде сайлау учаскесіне келді
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Сайлау комиссиясы мен ауылдық әкімдік өкілдері қарт адамды туған күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылының егде жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді. Бүгін кейуана 106 жасқа толды.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен зейнеткерлерге көшпелі комиссияны үйіне шақыртуға мүмкіндік берілді. Бірақ ғасыр жасаған Қапиза-әжей сайлау учаскесінде дауыс беруді жөн көрген, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Еске салсақ, өңірде 528 сайлау учаскесі бар. Бұл учаскелерде таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс беруге болады. Павлодар облысындағы дауыс берушілердің жартысынан көбі Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша өз таңдауын жасады.
Алматы облысында алғашқылардың бірі болып 100 жастағы кейуана дауыс берді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Өңірлер
Алматы облысында 100 жастағы кейуана алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Жаңалықтар
0