https://sputnik.kz/20220605/referendum-almaty-oblysy-keyuana-dauys-berdi-25304455.html
Алматы облысында 100 жастағы кейуана алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Алматы облысында 100 жастағы кейуана алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Sputnik Қазақстан
Референдум учаскесі мүшелерінің айтуынша, әже әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерден қалмай, өз үлесін қосып келеді 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T09:39+0500
2022-06-05T09:39+0500
2022-06-05T09:53+0500
өңірлер
референдум
алматы облысы
қария
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25304358_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_07adbbefab7c413d53b0df7c9a4baed5.jpg
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны, 100 жастағы Зейнелхан Оспанова референдумда дауыс берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. "Jetisu Media" өңірлік коммуникациялар орталығының мәліметінше, ғасыр жасаған кейуана барлық саяси науқандардан қалмай, белсенді түрде қатысып келеді. Ол соңғы 30 жылда болған сайлау мен референдум есінде қалғанын жеткізді. "Ұрпақтарым аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын! Жаркентіміз көркейе берсін. Қазақстанымыздың жақсы бір азаматтары болып өссін! Жастарымыз аман болсын! Өсе берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін", – деген Зейнелхан Оспанова жастарға өз батасын берді. Айта кетерлігі, Зейнелхан Оспанова – 12 құрсақ көтеріп, тәрбиелеп жеткізген "Алтын алқа" иегері. Референдум учаскесі мүшелерінің айтуынша, әже әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерден қалмай, өз үлесін қосып келеді. Одан бөлек кейуанаға алғашқы дауыс беруші ретінде естелік сыйлық табысталды. Бүгін Алматы облысы бойынша 1053 референдум учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Өңірде дауыс беру құқығына ие электорат саны 1 млн 200 мыңнан асады.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25304358_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_6046d29df306ceed7cab0dea0fe89c5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, алматы облысы, қария
референдум, алматы облысы, қария
Алматы облысында 100 жастағы кейуана алғашқылардың бірі болып дауыс берді
09:39 05.06.2022 (жаңартылды: 09:53 05.06.2022) Референдум учаскесі мүшелерінің айтуынша, әже әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерден қалмай, өз үлесін қосып келеді
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны, 100 жастағы Зейнелхан Оспанова референдумда дауыс берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
"Jetisu Media" өңірлік коммуникациялар орталығының мәліметінше, ғасыр жасаған кейуана барлық саяси науқандардан қалмай, белсенді түрде қатысып келеді. Ол соңғы 30 жылда болған сайлау мен референдум есінде қалғанын жеткізді.
"Ұрпақтарым аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын! Жаркентіміз көркейе берсін. Қазақстанымыздың жақсы бір азаматтары болып өссін! Жастарымыз аман болсын! Өсе берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін", – деген Зейнелхан Оспанова жастарға өз батасын берді.
Айта кетерлігі, Зейнелхан Оспанова – 12 құрсақ көтеріп, тәрбиелеп жеткізген "Алтын алқа" иегері.
Референдум учаскесі мүшелерінің айтуынша, әже әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерден қалмай, өз үлесін қосып келеді.
Одан бөлек кейуанаға алғашқы дауыс беруші ретінде естелік сыйлық табысталды.
Бүгін Алматы облысы бойынша 1053 референдум учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Өңірде дауыс беру құқығына ие электорат саны 1 млн 200 мыңнан асады.