106 жастағы кейуана туған күнінде сайлау учаскесіне келді

Сайлау комиссиясы мен ауылдық әкімдік өкілдері қарт адамды туған күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылының егде жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді. Бүгін кейуана 106 жасқа толды.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен зейнеткерлерге көшпелі комиссияны үйіне шақыртуға мүмкіндік берілді. Бірақ ғасыр жасаған Қапиза-әжей сайлау учаскесінде дауыс беруді жөн көрген, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Еске салсақ, өңірде 528 сайлау учаскесі бар. Бұл учаскелерде таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс беруге болады. Павлодар облысындағы дауыс берушілердің жартысынан көбі Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша өз таңдауын жасады.
Өңірлер
Алматы облысында 100 жастағы кейуана алғашқылардың бірі болып дауыс берді