Экономика

Қашағанда мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

Қашағандағы коммерциялық мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы күзде басталған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. NCOC компаниясы Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндіру уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
"1 маусымнан бастап NCOC компаниясы жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатады. Жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу - маңызды іс-шаралардың бірі. Ол бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттілікке сәйкес жүргізіледі. Бұл үшін өндіріс аз мерзімге толық тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада.
Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мұнай өндіру жүйесінің тиімділігі артады. Барлық жұмыс 45 күн ішінде атқарылады деген жоспар бар.
Айта кетері, Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік жағында орналасқан ірі мұнай-газ кен орны. Ол соңғы 40 жылда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Өндірілетін қоры 9-13 миллиард баррельді құрайды.
Қашағандағы коммерциялық мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы күзде басталған болатын.
Өңірлер
Маңғыстау облысында мұнай қалдықтары ауыл маңына төгілгені анықталды - видео