https://sputnik.kz/20220601/qashaganda-munay-ondiru-toqtatyldy-25223786.html
Қашағанда мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
Қашағанда мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Қашағандағы коммерциялық мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы күзде басталған болатын 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T17:07+0500
2022-06-01T17:07+0500
2022-06-01T17:07+0500
экономика
мұнай
https://sputnik.kz/img/00/88/008812_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_e22ad52c3048056f70954f3da65dd579.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. NCOC компаниясы Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндіру уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. "1 маусымнан бастап NCOC компаниясы жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатады. Жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу - маңызды іс-шаралардың бірі. Ол бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттілікке сәйкес жүргізіледі. Бұл үшін өндіріс аз мерзімге толық тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада. Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мұнай өндіру жүйесінің тиімділігі артады. Барлық жұмыс 45 күн ішінде атқарылады деген жоспар бар. Айта кетері, Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік жағында орналасқан ірі мұнай-газ кен орны. Ол соңғы 40 жылда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Өндірілетін қоры 9-13 миллиард баррельді құрайды. Қашағандағы коммерциялық мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы күзде басталған болатын.
https://sputnik.kz/20220524/mangystau-oblysy-munay-video-25034786.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/00/88/008812_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_6b788af5486b395f21d2448a13731282.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Қашағанда мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
Қашағандағы коммерциялық мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы күзде басталған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. NCOC компаниясы Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндіру уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
"1 маусымнан бастап NCOC компаниясы жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатады. Жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу - маңызды іс-шаралардың бірі. Ол бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттілікке сәйкес жүргізіледі. Бұл үшін өндіріс аз мерзімге толық тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада.
Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мұнай өндіру жүйесінің тиімділігі артады. Барлық жұмыс 45 күн ішінде атқарылады деген жоспар бар.
Айта кетері, Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік жағында орналасқан ірі мұнай-газ кен орны. Ол соңғы 40 жылда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Өндірілетін қоры 9-13 миллиард баррельді құрайды.
Қашағандағы коммерциялық мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы күзде басталған болатын.