Өңірлер

Маңғыстау облысында мұнай қалдықтары ауыл маңына төгілгені анықталды - видео

© PhotoМаңғыстау облысында мұнай қалдықтарын төкті
Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарын төкті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
Мұнай өңдеу компанияларына экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 2 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін Маңғыстау облысының экология департаменті Қарақия ауданы Жетібай ауылының маңында мұнай қалдықтарын төгу фактісін анықтап, тексеру жүргізді.
Қалдықтар көптеген жерде, ауылдың жанындағы шұңқырға да төгілген, деп хабарлайды inaktau.kz.
Жетібайлықтар мұнай қалдықтарының төгілуіне байланысты экология нашарлады деп санайды. Балалар туа біткен патология мен ересектердің өліміне себеп болып отыр деген ойда.
"Көбінесе адамдар ұйықтап жатқанда жан тапсырады. Мұны қан қысымымен байланыстырады, бірақ менің ойымша, бұл экологияға байланысты. Мен мұнда шамамен 60 жыл тұрамын және бұрын мүмкіндігі шектеулі балалар санаулы болған. Міне, мен сұхбат беріп жатқанда қоқыс тастау үшін цистерна келе жатыр", - дейді ауыл тұрғыны.
Билік аумақта шамамен 10 мың тонна түрлі қалдық бар екенін мойындайды. Қарақия ауданында мұнай шламын өңдеумен 15 компания айналысады. Оның үшеуімен түрлі себеп бойынша шарт бұзылған. Жүргізілген ғарыштық мониторинг жеті заңсыз алаңды анықтады. Аудан әкімдігінде хабарлағандай, төрт жер тазаланды. Алайда барлық компания экологиялық заңнаманы бұзып отыр.

"Ауыл басшылығы 2008 жылы ірі компанияға мұнай қалдықтарын өңдеу және құрылыс материалдарын дайындау үшін алты гектар жер берді. Алайда ол банкротқа ұшырады. Экологиялық департаменттің талаптарын сақтамағаны үшін сот оның қызметін тоқтатты", - деді Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Сымбат Төретаев.

Учаске мемлекетке қайтарылды, ал қалдықтардың иесі жоқ. Рекультивация жүргізу үшін жерді коммуналдық меншікке қайтару қажет.
Жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін экологтар сынама алды. Жер учаскесі "VOID" ЖШҚ тиесілі екені анықталды.
"Департамент зертханасында зерттеу үшін топырақ сынамалары алынды. Сынаманың нәтижелері негізінде экология департаменті келтірілген залал есебін жүргізеді және заңнамаға сәйкес шаралар қабылдайды", - деп хабарлады экология департаменті.
Жаңалықтар
0