ПЕТРОПАВЛ, 25 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бір үйіір жылқы ұрланған тұрғынды анықтады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сәуір айында Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғынының еркін жайылып жүрген 13 жылқысы жоғалып кетті. Шығын шамамен 10 миллион теңге.
"Ол ұзақ уақыт бойы жылқыны өзі табуға тырысқан. Ал айдың соңында полицияға жүгінді. Аудандық полиция бөлімінде төрт топ құрылды. Полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған аудан тұрғындарының қатысты болуын тексерді", - деп хабарлады полиция.
Бір аптадан кейін тәртіп сақшылары ұрланған жылқылар Қостанай облысында сатылғанын анықтады. Оларды "КамАЗ"-бен тасымалдағаны анықталды.
"Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі ("мал ұрлығы") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Жылқы иесіне қайтарылды",-деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетері, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.