НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Бозжыра шатқалы маңынан өтіп бара жатқан ақтаулықтар батпаққа батып қалған жылқыны байқап қалды.
Тұрғындар жылқыны батпаққа батқан күйі қалдырып кете алмады, деп жазды "Актау-Лада".
Оқиға 3 қазанда болған. Ақтаудың төрт тұрғыны қолда бар құралдардың көмегімен жылқыны батпақтан алып шығуға тырысты.
Біраз әуреге түскен тұрғындар салмағы жүздеген килограмм болатын жылқыны өз күшімен алып шықты. Құтқарушылар судың өте суық болғанын айтады.
Оқи отырыңыз:
- Маңғыстаудағы құрғақшылық: мал азығы үшін қанша қаржы бөлінді
- Жылқыны көліктің артқы орындығына тиеп алған ұры ұсталды - видео
- Маңғыстауда түйе мен жылқы қырылып жатыр