https://sputnik.kz/20220526/soltustik-qazaqstan-auyl-zhylqy-25082113.html
Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны бір үйір жылқы ұрлап кетті
Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны бір үйір жылқы ұрлап кетті
Sputnik Қазақстан
Күдікті ұрланған жылқыларды КамАЗ-бен Қостанай облысына апарып сатқан 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T09:29+0500
2022-05-26T09:29+0500
2022-05-26T09:29+0500
өңірлер
солтүстік қазақстан облысы
жылқы
https://sputnik.kz/img/07e6/05/19/25077986_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_de90ea4680a75099ccc8dc4a0f2301d3.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 25 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бір үйіір жылқы ұрланған тұрғынды анықтады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сәуір айында Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғынының еркін жайылып жүрген 13 жылқысы жоғалып кетті. Шығын шамамен 10 миллион теңге.Бір аптадан кейін тәртіп сақшылары ұрланған жылқылар Қостанай облысында сатылғанын анықтады. Оларды "КамАЗ"-бен тасымалдағаны анықталды."Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі ("мал ұрлығы") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Жылқы иесіне қайтарылды",-деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі. Айта кетері, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20211004/Bozzhyra-zhylky-video-18316219.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/19/25077986_0:0:1276:957_1920x0_80_0_0_7bc38830dfc74ea6d24645fb63981797.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, жылқы
солтүстік қазақстан облысы, жылқы
Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны бір үйір жылқы ұрлап кетті
Күдікті ұрланған жылқыларды КамАЗ-бен Қостанай облысына апарып сатқан
ПЕТРОПАВЛ, 25 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бір үйіір жылқы ұрланған тұрғынды анықтады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сәуір айында Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғынының еркін жайылып жүрген 13 жылқысы жоғалып кетті. Шығын шамамен 10 миллион теңге.
"Ол ұзақ уақыт бойы жылқыны өзі табуға тырысқан. Ал айдың соңында полицияға жүгінді. Аудандық полиция бөлімінде төрт топ құрылды. Полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған аудан тұрғындарының қатысты болуын тексерді", - деп хабарлады полиция.
Бір аптадан кейін тәртіп сақшылары ұрланған жылқылар Қостанай облысында сатылғанын анықтады. Оларды "КамАЗ"-бен тасымалдағаны анықталды.
"Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі ("мал ұрлығы") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Жылқы иесіне қайтарылды",-деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетері, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.