НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Сенегалда ауруханадан өрт шығып, жаңа туған он бір нәресте көз жұмды, деп хабарлады ел президенті Маки Салл.
"Мен аурухананың неонатология бөлімінде болған өрттің салдарынан 11 жаңа туған нәрестенің көз жұмғанын жаңа ғана естіп, қайғырып отырмын... Тивауан қаласында", - деп жазды ол Twitter-де.
Президент сондай-ақ көз жұмған сәбилердің анасы мен отбасына көңіл айтты.