Сенегалда аурухана өртеніп, 11 нәресте көз жұмды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Сенегалда ауруханадан өрт шығып, жаңа туған он бір нәресте көз жұмды, деп хабарлады ел президенті Маки Салл.
"Мен аурухананың неонатология бөлімінде болған өрттің салдарынан 11 жаңа туған нәрестенің көз жұмғанын жаңа ғана естіп, қайғырып отырмын... Тивауан қаласында", - деп жазды ол Twitter-де.
Президент сондай-ақ көз жұмған сәбилердің анасы мен отбасына көңіл айтты.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2022
Өңірлер
Перзентхана маңындағы жарылыс: сол күні үшемнің екеуі қайтыс болды
Жаңалықтар
0