https://sputnik.kz/20220522/perzentkhana-zharylys-ushem-24972748.html
Перзентхана маңындағы жарылыс: сол күні үшемнің екеуі қайтыс болды
Перзентхана маңындағы жарылыс: сол күні үшемнің екеуі қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Сәбилер мерзімінен бұрын дүниеге келген 22.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-22T12:48+0500
2022-05-22T12:48+0500
2022-05-22T13:19+0500
перзентхана
жарылыс
өңірлер
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_4c4d4c91e1e378df1a5486adbc29e41f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі перинаталды орталықта жарылысқа дейін үшемнің біреуі қайтыс болған. Ал жарылыстан кейін екіншісі көз жұмды. Үшем мерзімінен бұрын дүниеге келген.Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін жарылыс кезінде қайтыс болған нәрестенің туғанына 18 күн және салмағы 790 грамм болғаны туралы ақпарат тараған болатын.Пашимовтың айтуынша, жарылыс кезінде шақалақ кювезде, яғни, инкубаторда жатқан.Оның сөзіне қарағанда, үшінші нәрестенің жағдайы қалыпты.Еске салсақ, кеше, 21 мамырда Шымкентте аурухананы қажетті препараттармен қамтамасыз ететін дәріханада жарылыс болды. Дәріхана перинаталды орталықтың маңында орналасқан.Жарылыстан кейін үйінді арасынан күзетшінің мәйіті табылды. Денесін өрт шалған.Сондай-ақ перзентханада жатқан бір шақалақ пен 1980 жылғы жұмысшы көз жұмды. Тағы 8 адам зардап шекті, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.
https://sputnik.kz/20220522/shymkenti-zharylys-qaza-bolgan-kuzetshi-24972356.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_eab6a8cbaa2c15b18b85d4efb12de2ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
перзентхана, жарылыс
Перзентхана маңындағы жарылыс: сол күні үшемнің екеуі қайтыс болды
12:48 22.05.2022 (жаңартылды: 13:19 22.05.2022) Сәбилер мерзімінен бұрын дүниеге келген
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі перинаталды орталықта жарылысқа дейін үшемнің біреуі қайтыс болған. Ал жарылыстан кейін екіншісі көз жұмды. Үшем мерзімінен бұрын дүниеге келген.
Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін жарылыс кезінде қайтыс болған нәрестенің туғанына 18 күн және салмағы 790 грамм болғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Пашимовтың айтуынша, жарылыс кезінде шақалақ кювезде, яғни, инкубаторда жатқан.
"Негізі, үшем туған. Ол нәресте – үш шақалақтың біреуі. Барлығы 18 күн бұрын дүниеге келген және инкубаторда жатты. Жарылысқа дейін таңғы сағат бестің кезінде үшемнің біреуі қайтыс болды. Ал жарылыстан екіншісі көз жұмды. Қазір бір нәресте ғана қалды", - деді Пашимов бүгін өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, үшінші нәрестенің жағдайы қалыпты.
Еске салсақ, кеше, 21 мамырда Шымкентте аурухананы қажетті препараттармен қамтамасыз ететін дәріханада жарылыс болды. Дәріхана перинаталды орталықтың маңында орналасқан.
Жарылыстан кейін үйінді арасынан күзетшінің мәйіті табылды. Денесін өрт шалған.
Сондай-ақ перзентханада жатқан бір шақалақ пен 1980 жылғы жұмысшы көз жұмды. Тағы 8 адам зардап шекті, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.