Экономика

Алматыда Qnet-ке қатысты тергеу жүріп жатыр – істің мән-жайы

Тергеу шаралары бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Qnet-ке қатысты тергеудің мән-жайын жариялады.
"Qnet компаниясының қызметіне қатысты қылмыстық іс Алматы қалалық полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 217-бабы - Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету бойынша тіркелген. Тергеу шаралары бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды", - деп жазды Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, Qnet компаниясы кәсіпкерлік қызметті Қазақстан заңнамасына сай жүргізіп жатқан жоқ. Банк операцияларын жасауға және инвестициялық қызмет жүргізуге ешқандай рұқсат қағаздары берілмеген.
"Осы уақытқа дейін ішкі істер органдарына арыз түсіргендердің саны 220 адамға жетті. Халыққа сақ болуға кеңес береміз", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.
Айта кетері, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Qnet компаниясының Қазақстандағы басшылығы тергеуге алынғанын мәлімдеген болатын.
Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды