https://sputnik.kz/20220517/almatyda-qnet-tergeu-24858622.html
Алматыда Qnet-ке қатысты тергеу жүріп жатыр – істің мән-жайы
Алматыда Qnet-ке қатысты тергеу жүріп жатыр – істің мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Тергеу шаралары бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T10:51+0500
2022-05-17T10:51+0500
2023-08-10T16:58+0500
экономика
алматы
тергеу
https://sputnik.kz/img/513/47/5134798_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_24219f9283fdf03f33dabf1b768209af.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Qnet-ке қатысты тергеудің мән-жайын жариялады. "Qnet компаниясының қызметіне қатысты қылмыстық іс Алматы қалалық полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 217-бабы - Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету бойынша тіркелген. Тергеу шаралары бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды", - деп жазды Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның айтуынша, Qnet компаниясы кәсіпкерлік қызметті Қазақстан заңнамасына сай жүргізіп жатқан жоқ. Банк операцияларын жасауға және инвестициялық қызмет жүргізуге ешқандай рұқсат қағаздары берілмеген. "Осы уақытқа дейін ішкі істер органдарына арыз түсіргендердің саны 220 адамға жетті. Халыққа сақ болуға кеңес береміз", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.Айта кетері, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Qnet компаниясының Қазақстандағы басшылығы тергеуге алынғанын мәлімдеген болатын.
https://sputnik.kz/20220513/qayrat-boranbaev-qamau-24791015.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/513/47/5134798_116:0:2783:2000_1920x0_80_0_0_b953e6fc82f934c7a031d490aef5a20c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тергеу
Алматыда Qnet-ке қатысты тергеу жүріп жатыр – істің мән-жайы
10:51 17.05.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Тергеу шаралары бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Qnet-ке қатысты тергеудің мән-жайын жариялады.
"Qnet компаниясының қызметіне қатысты қылмыстық іс Алматы қалалық полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 217-бабы - Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету бойынша тіркелген. Тергеу шаралары бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды", - деп жазды Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, Qnet компаниясы кәсіпкерлік қызметті Қазақстан заңнамасына сай жүргізіп жатқан жоқ. Банк операцияларын жасауға және инвестициялық қызмет жүргізуге ешқандай рұқсат қағаздары берілмеген.
"Осы уақытқа дейін ішкі істер органдарына арыз түсіргендердің саны 220 адамға жетті. Халыққа сақ болуға кеңес береміз", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.
Айта кетері, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Qnet компаниясының Қазақстандағы басшылығы
тергеуге алынғанын мәлімдеген болатын.