https://sputnik.kz/20220513/qayrat-boranbaev-qamau-24791015.html
Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды
Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкерді наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T13:20+0500
2022-05-13T13:20+0500
2023-08-09T12:22+0500
астана
https://sputnik.kz/img/525/13/5251345_0:159:2993:1842_1920x0_80_0_0_6e7cf4f4efe2e911a7dc2881357ccb07.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған тергеу соты Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еске сала кетейік, Боранбаев 17 наурызда 2 ай мерзімге қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.Боранбаев – ірі кәсіпкер, ол Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі.Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима 2020 жылдың тамыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтыс болған жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан. Олардың Амели есімді қызы мен Сұлтан есімді ұлы бар.
https://sputnik.kz/20220513/qayrat-satybaldy-qamau-merzimi-24789265.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/525/13/5251345_405:291:2684:2000_1920x0_80_0_0_9f18ef44565d7436af464b899bb5a5a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды
13:20 13.05.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Кәсіпкерді наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған тергеу соты Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін бір айға ұзартты ", - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Боранбаев 17 наурызда 2 ай мерзімге қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Боранбаев – ірі кәсіпкер, ол Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі.
Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима 2020 жылдың тамыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтыс болған жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан. Олардың Амели есімді қызы мен Сұлтан есімді ұлы бар.