https://sputnik.kz/20220513/qayrat-satybaldy-qamau-merzimi-24789265.html
Қайрат Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Қайрат Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін ұзартты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл... 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T12:20+0500
2022-05-13T12:20+0500
2023-08-10T16:58+0500
тергеу
https://sputnik.kz/img/583/89/5838901_0:443:5563:3572_1920x0_80_0_0_c218ce65abf2a0ffb0a4ac1c45db572e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін ұзартты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді.Айта кетері, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Қайрат Сатыбалды Алматы облысының аумағында ұсталған. Ол Дубайға ұшып кетпек болды.Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі де қамауға алынған. Ол рейдерлік әрекеттер үшін айыпталып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/583/89/5838901_104:0:5459:4016_1920x0_80_0_0_d7b257d73c68769005f89ea87d68e585.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тергеу
Қайрат Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
12:20 13.05.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін ұзартты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді.
"Тергеу әлі аяқталған жоқ. Кеше Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін 13 маусымға дейін ұзартты. Тергеу құпиясына байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды", – деді Сарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қайрат Сатыбалды Алматы облысының аумағында ұсталған. Ол Дубайға ұшып кетпек болды.
Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі де қамауға алынған. Ол рейдерлік әрекеттер үшін айыпталып отыр.