Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды

Кәсіпкерді наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған тергеу соты Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін бір айға ұзартты ", - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Боранбаев 17 наурызда 2 ай мерзімге қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Боранбаев – ірі кәсіпкер, ол Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі.
Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима 2020 жылдың тамыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтыс болған жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан. Олардың Амели есімді қызы мен Сұлтан есімді ұлы бар.
Қайрат Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды