Оқиға

Павлодар облысында көлік жылқыны қақты - жүргізуші дәрігер көмегіне жүгінді

Жануарды қағып кеткен көлік жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Жолда жайылып жүрген жылқыны соғып кеткен көлік жүргізушісі ауруханаға келіп, медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2 мамырда сағат 22:30 шамасында Павлодар–Қызылорда тасжолындағы Береке ауылының жанында Toyota Corolla автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жолдың көлік жүретін аумағында тұрған жылқыны қағып кетті.
Жол апатынан зардап шеккен жүргізуші ауруханаға келіп, медициналық көмек алды. Тиісті ем шаралары жасалғаннан кейін оны үйіне жіберілген.
Ақсу полициясы бақташыны анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-бөлігі ("Жануарларды жаю ережелерін бұзудың жеке тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге алып келуі") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл бап 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады. Жыл басынан бері үй жануарларының қараусыз жайылуы салдарынан облыста жеті жол апаты тіркелген.
Ақмола облысында жоғалған 14 жылқы суға батып кетті