НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысы Гвардейск горнизонында көз жұмған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.
Ол өзімен бірге әскерге шақырылған сарбаз, деп хабарлады Бас әскери прокуратура.
"Оның ұсталуына куәгердің айтқандары мен сот-медициналық сараптаманың нәтижесі негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді.Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі)", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда.