Сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты күдікті ұсталды

© Photo : Фото Бибигуль Рамазан из личного архива Алибек Калбай
 Алибек Калбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Ол өзімен бірге әскерге шақырылған сарбаз, деп хабарлады Бас әскери прокуратура
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысы Гвардейск горнизонында көз жұмған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.
Ол өзімен бірге әскерге шақырылған сарбаз, деп хабарлады Бас әскери прокуратура.
"Оның ұсталуына куәгердің айтқандары мен сот-медициналық сараптаманың нәтижесі негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді.Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі)", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда.
Погибший срочник Алибек Калбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2022
Оқиға
Әскерге шақырылған маңғыстаулық сарбаз төрт күннен кейін қайтыс болды
Жаңалықтар
0