https://sputnik.kz/20220423/askerge-shaqyrylgan-sarbaz-24399641.html
Әскерге шақырылған маңғыстаулық сарбаз төрт күннен кейін қайтыс болды
Әскерге шақырылған маңғыстаулық сарбаз төрт күннен кейін қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
18 жастағы Әлібек Қалбай әскери бөлімге 18 сәуірде барды. Ал төрт күннен кейін ата-анасына қаралы хабар жетті 23.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-23T12:17+0500
2022-04-23T12:17+0500
2022-04-23T12:26+0500
оқиға
сарбаз
әскерилер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/17/24399106_301:0:1211:512_1920x0_80_0_0_295fc2a127a22bce30f4eb958285d558.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 18 жастағы сарбаз Маңғыстаудан шақырылып, осыдан бес күн бұрын Қордайдағы әскери бөлімге барған. Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды. Әлібектің өзі әскерге барғысы келмеген. 13 сәуірде әскерге шақырып, медициналық тексерістен өткізген. Сөйтіп, 18 сәуірде әскери борышын өтеуге жіберген."Оны бастан бірнеше рет ұрған. Іздері қалды. Әскерде балаларымыздың өлімі тыйылмай жатыр, оларды ұрады. Бүкіл Қазақстан осыны білуі керек. Әлібек әскерге барғысы келмеген. Бірақ оны жұмысқа дейін іздеп барып, ірі көлемде айыппұл саламыз деп қорқытқан..." – деді марқұмның туысы Динара Тілесова InAktau порталына берген сұхбатында.Қазіргі кезде сарбаздың өлімі бойынша тергеу шаралары басталды. Осымен биыл Жамбыл облысында екінші сарбаз қайтыс болып отыр. 2 наурызда қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішов із-түзсіз жоғалған болатын. 10 сәуірде оның денесі Қырғызстан жерінде табылды. Ол әскери борышын "Аңдас батыр" шекара бөлімінде өтеп жүрген.
https://sputnik.kz/20220420/asker-sarbaz-adildik-24322354.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/17/24399106_367:6:811:339_1920x0_80_0_0_125ba68be7066277ef4356a595919c99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, әскерилер
Әскерге шақырылған маңғыстаулық сарбаз төрт күннен кейін қайтыс болды
12:17 23.04.2022 (жаңартылды: 12:26 23.04.2022) 18 жастағы Әлібек Қалбай әскери бөлімге 18 сәуірде барды. Ал төрт күннен кейін ата-анасына қаралы хабар жетті
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 18 жастағы сарбаз Маңғыстаудан шақырылып, осыдан бес күн бұрын Қордайдағы әскери бөлімге барған.
"Таңертең сапқа тұру кезінде сарбаз есінен танып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Алайда ол есін жимастан қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.
Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды. Әлібектің өзі әскерге барғысы келмеген. 13 сәуірде әскерге шақырып, медициналық тексерістен өткізген. Сөйтіп, 18 сәуірде әскери борышын өтеуге жіберген.
"Оны бастан бірнеше рет ұрған. Іздері қалды. Әскерде балаларымыздың өлімі тыйылмай жатыр, оларды ұрады. Бүкіл Қазақстан осыны білуі керек. Әлібек әскерге барғысы келмеген. Бірақ оны жұмысқа дейін іздеп барып, ірі көлемде айыппұл саламыз деп қорқытқан..." – деді марқұмның туысы Динара Тілесова I
nAktau порталына берген сұхбатында.
Қазіргі кезде сарбаздың өлімі бойынша тергеу шаралары басталды. Осымен биыл Жамбыл облысында екінші сарбаз қайтыс болып отыр. 2 наурызда қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішов із-түзсіз жоғалған болатын.
10 сәуірде оның денесі Қырғызстан жерінде табылды. Ол әскери борышын "Аңдас батыр" шекара бөлімінде өтеп жүрген.