https://sputnik.kz/20220420/asker-sarbaz-adildik-24322354.html
"Төбе шашым тік тұрды": әскерде қайтыс болған сарбаздың анасы әділдік іздейді
"Төбе шашым тік тұрды": әскерде қайтыс болған сарбаздың анасы әділдік іздейді
Sputnik Қазақстан
Қайғыдан қан жұтқан Асылханның ата-анасы әлі ес жия алар емес 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T09:28+0500
2022-04-20T09:28+0500
2022-04-20T09:35+0500
сарбаз
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды. Үш күдіктінің біреуі ғана қамауға алынды. Марқұмның ата-анасы кінәлілердің барлығын жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлады Astana TV.20 жастағы көкшетаулық Асылхан Қалияқбаров әскери борышын Шығыс Қазақстан облысында өтеген. 6 ай бұрын жас жігіттің мәйіті әскери қоймадан табылды. Ал күдіктілердің біреуі ғана қамауға алынып отыр.Марқұмның анасы Асылтас Қалияқбарова кінәлі адамдар жазадан құтылып кетеді деп уайымдайды.Қайғыдан қан жұтқан Асылханның ата-анасы әлі ес жия алар емес. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды.Жақындарының айтуынша, Асылханға зорлық-зомбылық көрсетілген. Оның жуастығын пайдаланған дейді. Жас жігіт әскерден кейін құтқарушы болуды жоспарлаған.Қалияқбаровтың мәйіті әскери қоймадан табылған. Баласынан көз жазып қалған Асылханның ата-анасы соттан әділ төрелік күтеді.Соңғы кезде әскерде жиілеп кеткен жұмбақ өлімдер заңгерлерді де алаңдатып отыр."Елімізді қорғаймын деген адамның жүйке жүйесінде моральды психологиялық ауытқу болмауы керек. Егер ауытқу болмаса, ондай жағдайға бармайды", - деп атап өтті заңгер Гүлайым Антаева.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, әскери қызметкер
"Төбе шашым тік тұрды": әскерде қайтыс болған сарбаздың анасы әділдік іздейді
09:28 20.04.2022 (жаңартылды: 09:35 20.04.2022) Қайғыдан қан жұтқан Асылханның ата-анасы әлі ес жия алар емес
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды. Үш күдіктінің біреуі ғана қамауға алынды. Марқұмның ата-анасы кінәлілердің барлығын жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлады
Astana TV. 20 жастағы көкшетаулық Асылхан Қалияқбаров әскери борышын Шығыс Қазақстан облысында өтеген. 6 ай бұрын жас жігіттің мәйіті әскери қоймадан табылды. Ал күдіктілердің біреуі ғана қамауға алынып отыр.
Марқұмның анасы Асылтас Қалияқбарова кінәлі адамдар жазадан құтылып кетеді деп уайымдайды.
"Үш жігіттің не істегенін, олардың жазғанын оқып, төбе шашым тік тұрды. Соттың өзіне "мына үш жігіт әрі қарай қалай жұмыста істейді деп айттым. Бір Аллаға, сосын сотқа сенемін. Мына үш жігіт жазасын алуға тиіс", - дейді Қалияқбарова.
Қайғыдан қан жұтқан Асылханның ата-анасы әлі ес жия алар емес. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды.
Жақындарының айтуынша, Асылханға зорлық-зомбылық көрсетілген. Оның жуастығын пайдаланған дейді. Жас жігіт әскерден кейін құтқарушы болуды жоспарлаған.
Қалияқбаровтың мәйіті әскери қоймадан табылған. Баласынан көз жазып қалған Асылханның ата-анасы соттан әділ төрелік күтеді.
Соңғы кезде әскерде жиілеп кеткен жұмбақ өлімдер заңгерлерді де алаңдатып отыр.
"Елімізді қорғаймын деген адамның жүйке жүйесінде моральды психологиялық ауытқу болмауы керек. Егер ауытқу болмаса, ондай жағдайға бармайды", - деп атап өтті заңгер Гүлайым Антаева.