НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Гликемиялық индексі (ГИ) жоғары тәтті емес тағамдар да ағзадағы қант деңгейіне әсер етеді, дейді "СМ-Клиника" мекемесінің эндокринолог, диетолог дәрігері Оксана Михалева, "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.
Дәрігердің айтуынша, гликемиялық индексі неғұрлым жоғары болса, олар ағзадағы қант деңгейін де соғұрлым жылдам арттырады.
"Гликемиялық индексі жоғары азық-түлікті үнемі жеу зат айналымын бұзады, аштық сезімін тудырады және майдың жиналуын күшейтеді. Сонымен қатар, мұндай тағам 2 типтегі қант диабетіне шалдықтыруы ықтимал", - деді дәрігер.
70 бірліктен жоғары индекс тәтті тағамдарға, бидай ұнынан дайындалған нан өнімдеріне, күрішке, картопқа, кеспеге, жылдам дайындалатын ботқаға, газдалған сусындарға тән болады. Бұл топқа қарбыз, қауын мен сәбіз секілді жеміс пен көкөніс те кіреді.
Бірқатар жарма, бұршақ тұқымдастар, кейбір көкөніс, жидек пен тәтті емес жемістердің гликемиялық индексі төмен болады.