https://sputnik.kz/20220503/azyq-tulik-qandagy-qant-24599161.html
Дәрігер қандағы қант мөлшерін ұлғайтатын азық-түлікті атады
Дәрігер қандағы қант мөлшерін ұлғайтатын азық-түлікті атады
Sputnik Қазақстан
Тәтті емес өнімдер де қант мөлшерін арттырады 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T08:53+0500
2022-05-03T08:53+0500
2023-08-10T17:15+0500
денсаулық
қан
қант
қант диабеті
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18653410_0:135:1920:1215_1920x0_80_0_0_8d82d04c7b14131cc2914bc1f7cca53e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Гликемиялық индексі (ГИ) жоғары тәтті емес тағамдар да ағзадағы қант деңгейіне әсер етеді, дейді "СМ-Клиника" мекемесінің эндокринолог, диетолог дәрігері Оксана Михалева, "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында. Дәрігердің айтуынша, гликемиялық индексі неғұрлым жоғары болса, олар ағзадағы қант деңгейін де соғұрлым жылдам арттырады. 70 бірліктен жоғары индекс тәтті тағамдарға, бидай ұнынан дайындалған нан өнімдеріне, күрішке, картопқа, кеспеге, жылдам дайындалатын ботқаға, газдалған сусындарға тән болады. Бұл топқа қарбыз, қауын мен сәбіз секілді жеміс пен көкөніс те кіреді. Бірқатар жарма, бұршақ тұқымдастар, кейбір көкөніс, жидек пен тәтті емес жемістердің гликемиялық индексі төмен болады.
https://sputnik.kz/20210522/kant-diabet-17231315.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18653410_60:0:1860:1350_1920x0_80_0_0_46543093086d817691100877fb0ce9f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қан қант диабет сахар сахарный диабет
қан қант диабет сахар сахарный диабет
Дәрігер қандағы қант мөлшерін ұлғайтатын азық-түлікті атады
08:53 03.05.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Тәтті емес өнімдер де қант мөлшерін арттырады
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Гликемиялық индексі (ГИ) жоғары тәтті емес тағамдар да ағзадағы қант деңгейіне әсер етеді, дейді "СМ-Клиника" мекемесінің эндокринолог, диетолог дәрігері Оксана Михалева,
"Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.
Дәрігердің айтуынша, гликемиялық индексі неғұрлым жоғары болса, олар ағзадағы қант деңгейін де соғұрлым жылдам арттырады.
"Гликемиялық индексі жоғары азық-түлікті үнемі жеу зат айналымын бұзады, аштық сезімін тудырады және майдың жиналуын күшейтеді. Сонымен қатар, мұндай тағам 2 типтегі қант диабетіне шалдықтыруы ықтимал", - деді дәрігер.
70 бірліктен жоғары индекс тәтті тағамдарға, бидай ұнынан дайындалған нан өнімдеріне, күрішке, картопқа, кеспеге, жылдам дайындалатын ботқаға, газдалған сусындарға тән болады. Бұл топқа қарбыз, қауын мен сәбіз секілді жеміс пен көкөніс те кіреді.
Бірқатар жарма, бұршақ тұқымдастар, кейбір көкөніс, жидек пен тәтті емес жемістердің гликемиялық индексі төмен болады.