НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғынын жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қала тұрғыны емтихан тапсырмастан жүргізуші куәлігін алу үшін 27 жастағы қызға 60 мың теңгеcін беріп жіберген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтады. Оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізуші куәлігін дайындау тәртібі мен ережесі www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылғанын және құжатты тек қана уәкілетті орган беретінін еске салды.