Өңірлер

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ ер адам полицияны әбігерге салды

© Sputnik / Абзал КалиевПатрульный полицейский говорит по рации во время дежурства
Патрульный полицейский говорит по рации во время дежурства  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Тәртіп сақшылары төрт жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтың соңынан бір сағат бойы қуған

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ақтөбеде полицияның көлікті тоқтату туралы талабын орындамай, тәртіп сақшыларынан қашқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары Гастелло – Жиенбаева көшелерінің қиылысында алдыңғы бампері майысқан Toyota Camry автокөлігін көріп, тоқтатпақ болған. Полиция қызметкерлері аталған машинаның жол апатына қатысы бар болуы мүмкін деп болжаған.

Алайда, көлік жүргізушісі полиция талабына бағынбай, қашып кетті. Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, Ақжар ауылының жанындағы теміржол өткелінде бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда тоқтамай жүріп кеткен.

"Соңынан шамамен бір сағат қууға тура келді. Хромтау ауданындағы Құдықсай ауылының жанында көлік жүргізушісі мен жолаушысы машинаның шамдарын сөндіріп, қашып құтылмақ болған", - деді полицияда.

Заң бұзған 35 жастағы азамат екені анықталды. Ол 2017 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдың жалпы сомасы 500 мың теңге болатын бірнеше хаттама толтырды.

Жаңалықтар
0