Өңірлер

Нұр-Сұлтан полицейлері жүргізуші куәлігін "жасайтын" қызды ұстады

© SputnikЖүргізуші куәлігі, архивтегі фото
Жүргізуші куәлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2022
Жазылу
Қала тұрғыны жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алу үшін 27 жастағы қызға 60 мың теңге берген
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғынын жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қала тұрғыны емтихан тапсырмастан жүргізуші куәлігін алу үшін 27 жастағы қызға 60 мың теңгеcін беріп жіберген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтады. Оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізуші куәлігін дайындау тәртібі мен ережесі www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылғанын және құжатты тек қана уәкілетті орган беретінін еске салды.
Патрульный полицейский говорит по рации во время дежурства  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Өңірлер
Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ ер адам полицияны әбігерге салды
Жаңалықтар
0