Қоғам

20 сәуірден бастап Атырау – Астрахань пойызы қатынайды

Жолаушылар пойызы күнара жүреді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Ресей теміржол әкімшіліктері арасындағы екіжақты уағдаластық негізінде 20 сәуірден бастап "Атырау-Астрахань" бағытында №625/626 халықаралық жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Пойыз күнара жүреді: Атыраудан 20 сәуірден бастап жұп күндері, ал Астраханнан 21 сәуірден бастап тақ күндері аттанады.
ҚТЖ Қазақстанға кіру үшін вакцина салдырмаған жолаушылар теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсетуі керек екенін еске салды. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы шарт. Вакцинацияның толық курсынан немесе ревакцинациядан өткенін растайтын паспорт болса, анықтама қажет емес. Егер жолаушыда ПТР-анықтама немесе вакцина паспорты болмаса, онда ол вагонға кіргізілмейді, деп ескертті ұлттық тасымалдаушы.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі арқылы және Bilet.railways.kz.сайтынан білуге болады.
Бурабайға бар жатқан пойыз жолаушысынан қауіпті ауру анықталды