Қоғам

20 сәуірден бастап Атырау – Астрахань пойызы қатынайды

© Photo : Facebook / Қазақстан темір жолыАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Жазылу
Жолаушылар пойызы күнара жүреді
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Ресей теміржол әкімшіліктері арасындағы екіжақты уағдаластық негізінде 20 сәуірден бастап "Атырау-Астрахань" бағытында №625/626 халықаралық жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Пойыз күнара жүреді: Атыраудан 20 сәуірден бастап жұп күндері, ал Астраханнан 21 сәуірден бастап тақ күндері аттанады.
ҚТЖ Қазақстанға кіру үшін вакцина салдырмаған жолаушылар теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсетуі керек екенін еске салды. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы шарт. Вакцинацияның толық курсынан немесе ревакцинациядан өткенін растайтын паспорт болса, анықтама қажет емес. Егер жолаушыда ПТР-анықтама немесе вакцина паспорты болмаса, онда ол вагонға кіргізілмейді, деп ескертті ұлттық тасымалдаушы.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі арқылы және Bilet.railways.kz.сайтынан білуге болады.
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Бурабайға бар жатқан пойыз жолаушысынан қауіпті ауру анықталды
Жаңалықтар
0