https://sputnik.kz/20220408/burabay-poyyz-zholaushy-qauipti-auru-24069806.html
Бурабайға бар жатқан пойыз жолаушысынан қауіпті ауру анықталды
Бурабайға бар жатқан пойыз жолаушысынан қауіпті ауру анықталды
Sputnik Қазақстан
КӨКШЕТАУ, 8 сәуір – Sputnik. Бурабай курортына бара жатқан Түркістан облысының тұрғынынан түйнеме анықталды. Оны жұбайымен бірге пойыздан түсіріп, шұғыл... 08.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-08T09:34+0500
2022-04-08T09:34+0500
2022-04-08T09:34+0500
инфекция
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_0:0:2853:1605_1920x0_80_0_0_2afc136f7e5a8688c17300d419f25c19.jpg
КӨКШЕТАУ, 8 сәуір – Sputnik. Бурабай курортына бара жатқан Түркістан облысының тұрғынынан түйнеме анықталды. Оны жұбайымен бірге пойыздан түсіріп, шұғыл Көкшетау қаласының инфекциялық бөліміне жеткізген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Санаторийге бара жатқан5 сәуірде Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне "Қызылорда-Қостанай" пойызында келе жатқан жолаушының түйнеме (сібір жарасы) ауруын жұқтырды деген күдікке ілінгені туралы шұғыл хабар түскен.25 жастағы ер адам – Түркістан облысының тұрғыны. Жұбайымен бірге Бурабайдағы шипажайға бара жатқан.Бұған дейін Инфекциялық аурулар орталығында коронавирусқа шалдыққан адамдарды жатқызған. Қазіргі кезде науқастар айтарлықтай азайды. Түйнеме жұқтырған ер адам мен оның жұбайын сол жерге жатқызған. Екеуі де арнайы бокста жатыр."Жылқы етінен кәуап жедік"Инфекциялық аурулар орталығының басшысы Сәуле Жұматаеваның айтуынша, науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Дене қызуы басылмай тұр."Сол қолдың ортаңғы саусағында жарасы бар. Құрғақ жөтел, басы ауырады. Бұның бәрі – интоксикацияның белгілері. Науқас барлық қажетті ем-домды алып жатыр. Осыдан жағдайы түзелуі керек", - деді Жұматаева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Оның айтуынша, ер адамның жұбайында түйнеменің белгілері жоқ. Зертханалық талдау кезінде ауру анықталмады.Науқастар 29 наурыз күні Түркістан облысының Түлкібас ауданында базар істейтін апасынан 20 келі жылқы етін сатып алғанын айтты. Оны үйге алып келіп, кәуап жасаған. Үш адам жеген. Үй иесі, апасы және жұбайы. Ертесінде ер адам мен оның апасы ауырып қалғанын сезген.Айта кетері, түйнеме – аса қауіпті инфекция. Ауру малдың етінен жұғады. Негізгі белгілері – температура мен әлсіздік. Сібір жарасының екі түрі бар. Біреуі – тері жарасы екіншісі – ішек жарасы. Түркістан облысының тұрғыны тері жарасына шалдықты деген болжам бар.Бес малшы ауырғанАқмола облысында түйнеме ауруы соңғы рет 2019 жылы тіркелген. Ол кезде Аршалы ауданындағы Ольгинка ауылында бес малшы қауіпті инфекцяны жұқтырған.Осы орайда ол мал союмен және ет сақтаумен айналысатын адамдарға абай болуға және екпені уақытында алуға кеңес берді. Ал үй жануарларын арнайы жерде ғана сою қажет. Әсіресе, Рамазан айы мен алдағы Айт кезінде барынша сақтық танытқан жөн.Санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысында 221 елді мекеннің маңайында қауіпті мал қорымдары бар. Ол жерде түйнемеге шалдыққан төрт түлік көмілген. Көктемде санитарлар мен ветеринарлар бақылау шараларын өткізеді.Дегенмен бүгінде облыста ішек инфекциялары мен сальмонеллездің көбейгені байқалады. Көкшетауда 22 адам анықталса, Степногорда 2 науқас ауруханаға түсті. Аурудың негізгі себептері – жеке гигиена мен дайын тамақты сақтау талаптарын бұзу.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_272:0:2853:1936_1920x0_80_0_0_8ee15441e77108f91179e85f7843cf9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфекция
КӨКШЕТАУ, 8 сәуір – Sputnik. Бурабай курортына бара жатқан Түркістан облысының тұрғынынан түйнеме анықталды. Оны жұбайымен бірге пойыздан түсіріп, шұғыл Көкшетау қаласының инфекциялық бөліміне жеткізген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
5 сәуірде Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне "Қызылорда-Қостанай" пойызында келе жатқан жолаушының түйнеме (сібір жарасы) ауруын жұқтырды деген күдікке ілінгені туралы шұғыл хабар түскен.
25 жастағы ер адам – Түркістан облысының тұрғыны. Жұбайымен бірге Бурабайдағы шипажайға бара жатқан.
"Зертханалық зерттеу нәтижесінде "сібір жарасы" диагнозы расталды. Санитарлар науқасты бірден Көкшетау қаласының инфекциялық бөліміне жатқызды. Онымен байланыста болған адамдар анықталды. Барлығы 20 жолаушы, облыс тұрғындары", - дейді департамент басшысы Айнагүл Мусина.
Бұған дейін Инфекциялық аурулар орталығында коронавирусқа шалдыққан адамдарды жатқызған. Қазіргі кезде науқастар айтарлықтай азайды. Түйнеме жұқтырған ер адам мен оның жұбайын сол жерге жатқызған. Екеуі де арнайы бокста жатыр.
"Жылқы етінен кәуап жедік"
Инфекциялық аурулар орталығының басшысы Сәуле Жұматаеваның айтуынша, науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Дене қызуы басылмай тұр.
"Сол қолдың ортаңғы саусағында жарасы бар. Құрғақ жөтел, басы ауырады. Бұның бәрі – интоксикацияның белгілері. Науқас барлық қажетті ем-домды алып жатыр. Осыдан жағдайы түзелуі керек", - деді Жұматаева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ер адамның жұбайында түйнеменің белгілері жоқ. Зертханалық талдау кезінде ауру анықталмады.
Науқастар 29 наурыз күні Түркістан облысының Түлкібас ауданында базар істейтін апасынан 20 келі жылқы етін сатып алғанын айтты. Оны үйге алып келіп, кәуап жасаған. Үш адам жеген. Үй иесі, апасы және жұбайы. Ертесінде ер адам мен оның апасы ауырып қалғанын сезген.
Айта кетері, түйнеме – аса қауіпті инфекция. Ауру малдың етінен жұғады. Негізгі белгілері – температура мен әлсіздік. Сібір жарасының екі түрі бар. Біреуі – тері жарасы екіншісі – ішек жарасы. Түркістан облысының тұрғыны тері жарасына шалдықты деген болжам бар.
Ақмола облысында түйнеме ауруы соңғы рет 2019 жылы тіркелген. Ол кезде Аршалы ауданындағы Ольгинка ауылында бес малшы қауіпті инфекцяны жұқтырған.
"Олар айдалада санитарлық-ветеринарлық нормаларды сақтамай, мал сойған. Бесеуі де малшы, ауылда ет тасымалдаумен айналысқан. Бұған дейін түйнемеге қарсы екпені бірде-бір рет алмаған. Науқастардың барлығы жазылып шықты", - дейді облыстың бас санитары.
Осы орайда ол мал союмен және ет сақтаумен айналысатын адамдарға абай болуға және екпені уақытында алуға кеңес берді. Ал үй жануарларын арнайы жерде ғана сою қажет. Әсіресе, Рамазан айы мен алдағы Айт кезінде барынша сақтық танытқан жөн.
Санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысында 221 елді мекеннің маңайында қауіпті мал қорымдары бар. Ол жерде түйнемеге шалдыққан төрт түлік көмілген. Көктемде санитарлар мен ветеринарлар бақылау шараларын өткізеді.
Дегенмен бүгінде облыста ішек инфекциялары мен сальмонеллездің көбейгені байқалады. Көкшетауда 22 адам анықталса, Степногорда 2 науқас ауруханаға түсті. Аурудың негізгі себептері – жеке гигиена мен дайын тамақты сақтау талаптарын бұзу.