Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклші көз жұмды

Honda мотоциклінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lexus автокөлігіне соғылған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылында адам өмірін қиған жол апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, мотоциклші шығыс бағытта кетіп бара жатқан.
Жол апатына ұшыраған мотоциклші
Жүргізуші Сейфуллин көшесіне жетпей белгісіз себептерге байланысты рөлге ие бола алмай қалды. Мотоцикл аударылып, Lexus ES 300 автокөлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Апат орнына мән-жайды анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушылар шақырылды.
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды