Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

© Photo : Департамент полиции Туркестанской областиТүркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне кеше сағат 19.00 шамасында Сарыағаш-Шымкент тасжолында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсіп, жедел тергеу тобы, аудандық ішкі істер бөлімі мен прокуратураның басшылығы оқиға орнына аттанды.
"Сағат кешкі 19:00 шамасында 30-ға жуық адам мінген "Yutong" маркалы автобус Шымкент қаласы бағытында жүріп бара жатқаны анықталды. Осы кезде Audi 100 көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен бетпе-бет соқтығысқан", - деп хабарлады полиция.
Жол апаты салдарынан Audi 100 жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, автобустың төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңалықтар
0