Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклші көз жұмды

© Sputnik / СтрингерЖол апатына түскен мотоциклші
Жол апатына түскен мотоциклші - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жазылу
Honda мотоциклінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lexus автокөлігіне соғылған
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылында адам өмірін қиған жол апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, мотоциклші шығыс бағытта кетіп бара жатқан.
© Sputnik / СтрингерЖол апатына ұшыраған мотоциклші
ДТП с участием мотоциклиста - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жол апатына ұшыраған мотоциклші
Жүргізуші Сейфуллин көшесіне жетпей белгісіз себептерге байланысты рөлге ие бола алмай қалды. Мотоцикл аударылып, Lexus ES 300 автокөлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Апат орнына мән-жайды анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушылар шақырылды.
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
Жаңалықтар
0