Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді

Бас прокурордың Конституциялық сотқа жүгіну құқығы туралы Конституцияның 83-бабына енгізілетін түзетулер дайындалып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Сонымен қатар президентке шетелден активтерді қайтару ісі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді", - делінген ақпаратта.

Резонанс тудырған қылмыстық істер бойынша фигуранттардың қылмыстық жолмен жинаған капиталының шығып кетуін анықтау мақсатында олардың шетелге жылыстатылуына талдау жасалып жатыр. Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы айтты.
Атап айтқанда, Бас прокурордың Конституциялық сотқа жүгіну құқығы туралы Конституцияның 83-бабына енгізілетін түзетулер дайындалып жатыр. Сондай-ақ "Прокуратура туралы" жаңа Конституциялық заң әзірлеу басталған. Салалық заңның басты басымдығы – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
Заң жобасына Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, құқық қорғаушылармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау, прокурорлардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру тетігі туралы ережелерді енгізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, президентке азаптауларды тергеп-тексеру бойынша прокурорларға өкілеттік беруге, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы айтылған. Тоқаев қадағалау органының халықпен өзара ықпалдастығын жандандырудың маңызды екенін атап өтіп, Бас прокурорға бірқатар тапсырма берді.
Видео
"Тоқаев көбірек ұнайды": елордалықтар Жаңа Қазақстанға сене ме – видео