https://sputnik.kz/20220406/toqaev-bas-prokuror-tapsyrma-24026898.html
Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді
Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Бас прокурордың Конституциялық сотқа жүгіну құқығы туралы Конституцияның 83-бабына енгізілетін түзетулер дайындалып жатыр 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T14:25+0500
2022-04-06T14:25+0500
2022-04-06T14:25+0500
қасым-жомарт тоқаев
прокурор
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Резонанс тудырған қылмыстық істер бойынша фигуранттардың қылмыстық жолмен жинаған капиталының шығып кетуін анықтау мақсатында олардың шетелге жылыстатылуына талдау жасалып жатыр. Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы айтты. Атап айтқанда, Бас прокурордың Конституциялық сотқа жүгіну құқығы туралы Конституцияның 83-бабына енгізілетін түзетулер дайындалып жатыр. Сондай-ақ "Прокуратура туралы" жаңа Конституциялық заң әзірлеу басталған. Салалық заңның басты басымдығы – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Заң жобасына Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, құқық қорғаушылармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау, прокурорлардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру тетігі туралы ережелерді енгізу жоспарланып отыр.Бұдан бөлек, президентке азаптауларды тергеп-тексеру бойынша прокурорларға өкілеттік беруге, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы айтылған. Тоқаев қадағалау органының халықпен өзара ықпалдастығын жандандырудың маңызды екенін атап өтіп, Бас прокурорға бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20220402/elordalyqtar-zhana-qazaqstanga-sene-me--video-23909778.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, прокурор
қасым-жомарт тоқаев, прокурор
Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді
Бас прокурордың Конституциялық сотқа жүгіну құқығы туралы Конституцияның 83-бабына енгізілетін түзетулер дайындалып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Сонымен қатар президентке шетелден активтерді қайтару ісі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді", - делінген ақпаратта.
Резонанс тудырған қылмыстық істер бойынша фигуранттардың қылмыстық жолмен жинаған капиталының шығып кетуін анықтау мақсатында олардың шетелге жылыстатылуына талдау жасалып жатыр. Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы айтты.
Атап айтқанда, Бас прокурордың Конституциялық сотқа жүгіну құқығы туралы Конституцияның 83-бабына енгізілетін түзетулер дайындалып жатыр. Сондай-ақ "Прокуратура туралы" жаңа Конституциялық заң әзірлеу басталған. Салалық заңның басты басымдығы – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
Заң жобасына Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, құқық қорғаушылармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау, прокурорлардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру тетігі туралы ережелерді енгізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, президентке азаптауларды тергеп-тексеру бойынша прокурорларға өкілеттік беруге, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы айтылған. Тоқаев қадағалау органының халықпен өзара ықпалдастығын жандандырудың маңызды екенін атап өтіп, Бас прокурорға бірқатар тапсырма берді.